|
15.05.2012 10:49 |
Қазақстан Республикасының аумағында 50 мыңнан астам су айдындары мен 700-ден астам шомылуға арналған орын бар. Республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі суда адамдар өмірін қорғаудың алдын алуға бағытталған шаралар кешені ретінде жалпы сипаттауға болатын міндеттердің кең шеңберін көздейді. Бәрінен бұрын, алдын алу жұмысы жүргізіледі, яғни су объектілерінде жүзу, шағын кемелерді пайдалану, адамдар өмірі мен қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі мәселелері жөнінде азаматтарға, кеме жүргізушілеріне және шағын кеме иелеріне түсіндіру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады және жұмыс жүргізіледі.
|
|
|
04.05.2012 12:25 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі сатып алған техниканы жеткізу жөніндегі келісім-шарты орындау шеңберінде 2012 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко мен «Вертолеты России» ААҚ бас директорының орынбасары И.Е. Пшеничныйдің қатысуымен Ресейде жасалған Ка-3211ВС тікұшақтарын табыстау рәсімі өткізілді.Қазақстанның жедел ден қою күштеріне Ка-32А11ВС тікұшақтарын алғаш рет жеткізу Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа маңызды кезеңі болып табылады және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіледі.
|
|
03.05.2012 10:31 |
|
2012 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі сатып алған техниканы жеткізу жөніндегі келісімшарты орындау шеңберінде Ка-3211ВС Ресейде жасалған тікұшақтарды тапсыру рәсімі өткізіледі.
|
|
02.05.2012 00:00 |
|
Көкшетау техникалық институтында ағылшын тілінен дәстүрлі «EVERY DAY SPEAK ENGLISH» жыл сайынғы жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада өтті. Ағылшын тілінен іс-шаралар өткізу біздің оқу орнымыздың жақсы дәстүрі болып табылатын атап өткіміз келеді. Биылғы олимпиада төртінші рет өткізіліп, Көкшетау техникалық институтының 15 жылдығына арналды және үш турдан тұрды. Бірінші, екінші турда қатысушылар тыңдау (listening) мен лексика-грамматикалық тестен өтулері керек болды. «EVERY DAY SPEAK ENGLISH» олимпиадасының үшінші туры «Emergencies» (ТЖ) тақырыбында презентация жасау болатын.
|
|
02.05.2012 00:00 |
|
2012 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының бірінші және екінші курс курсанттары Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 67 жыл толуына орай «Ұлы Отан соғысы мұрағат құжаттарында» тақырыбындағы көрмеге қатысты. Ұлы Отан соғысы аяқталған күннен бері 67 жыл өтсе де, әлі күнге дейін халқымыздың есінде соғыс ауыр жара іспетті. Майдан және тыл қазақстандық ардагерлері үшін Жеңіс күні бұрынғыдай ең жарқын және ең сүйікті мереке болып қала береді.
|
|
02.05.2012 00:00 |
|
Сөндіру өте ауырға соғатын, аса ауыр өрттің бірі –мұнай сақтайтын резервуарлардағы өрт. Бұндай жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінің бөлімшелері жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қызметкерлерімен өзара әрекеттесуінің маңызы зор. Бұл «Қызылорда Мұнай Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігің мұнай сақтау орнында туындаған шартты өрт кезінде пысықталды.
Оқу-жаттығу кезінде мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және хабардар ету кестесін тексеру бойынша жұмыстар өткізілді, объекті қызметкерлерімен өрт сөндіру қызметі бөлімшелері өзара әрекеттесуі пысықталды.
|
|
24.04.2012 00:00 |
|
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі қызмет барысында елордалық полиция қызметкерлерімен жиі жұмыс істеуіне тура келеді. Атап айтқанда, 2012 жылғы 19 сәуірде сағат 19.00-де Суда құтқару қызметінің мамандары құқық қорғау органдарының дабылы бойынша бортқа шықты. Онда 1995 жылы туған жас жігіт полиция нарядынан қашып бара жатып, «Рамстор» сауда үйінің жанындағы көпірден (Самал ықшам ауданы) Есіл өзеніне секіріп кеткен. Жас бозбаланың тәртіп сақшыларына қайтып оралатын ойы жоқ еді, ал өзеннің келесі бетіне дейін жүзуге шамасы жетпесі анық, өйткені ара – қашықтық 200 метр, су температурасы +5º С болатын, мұндай тәуекелге кез – келген «морж» бармасы анық. Құтқарушылар құқық бұзушыны су бетінен ұстап алып, полиция қолына тапсырды, ең бастысы оның өмірі сақталды.
|
|
|
|
|